
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2023 жылдың желтоқсан айының 14 күні жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады. Сапар аясында АШМ басшысы халықпен кездесіп, АӨК саласын дамыту бойынша маңызды мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, министр бірнеше кәсіпорынның жұмысымен танысады.
Кездесу сағат 11.30-де «АгроТрейд» СТФ ЖШС-де (Павлодар ауданы, Новоямышево ауылы, Кеңес ауылдық округі, Қ. Сәтпаев к-сі, 20а құрылым) өтеді.
Сұрақтар мен ұсыныстарды bazarbay.a@minagri.gov.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Телефон бойынша толық ақпарат: +7 701 701 34 50 - Дамир Егізбаев.