Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ сарапшыларының жұмыс тобы ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасының жобасын пысықтады

Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ сарапшыларының жұмыс тобы ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасының жобасын пысықтады

Қазақстанның төрағалығымен 7 желтоқсан күні бейнеконференция форматында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Тұрақты сарапшылар тобының (ТҰТ) кезекті отырысы өтті.

Шараға қатысушылар қазақстандық тараптың Тұрақты сарапшылар тобы отырысын және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесін 2024 жылғы сәуірде өткізу туралы қолдады. Нақты күні қосымша дипломатиялық арналар бойынша келісілетін болады.

Сондай-ақ, отырыс барысында қазақстандық тараптың бастамашылық еткен ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасының жобасы талқыланды. Бағдарлама 2024 жылдың 16 қаңтарында бейнеконференция арқылы қосымша талқыға салынады. ТҰТ қатысушылары Қазақстан ұсынған құжатты қарау кестесін алдын ала келіскен болатын.

Сонымен қатар, жұмыс тобы ШЫҰ Хатшылығы мен ФАО-ның 2024-2027 жылдарға арналған жаңартылған бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ақпаратымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша орыс және қытай тілдерінде екі данада хаттамаға қол қойылды. Құжаттың депозитарийі – ШЫҰ Хатшылығы.