
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді. АШМ басшысы «Восток Молоко» ЖШС жаңартылған ірімшік цехының жұмысымен танысады және өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездеседі. Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров Солнечное ауылындағы «Майлы дақылдардың тәжірибелік алаңы» ЖШС, Украинка ауылындағы жылыжай кешеніне және «Багратион-2» ШҚ-на барады. Сондай-ақ, министр «Алтай» көтерме-тарату орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін сақтаудың логистикалық әлеуетімен және мүмкіндіктерімен танысады.
Кездесу сағат 12:30-да «Восток Молоко» ЖШС-де (Өскемен қ., Новаторов көшесі, 10) өтеді.
Сұрақтар мен ұсыныстарды bazarbay.a@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 701 701 34 50 – Дамир Егізбаев.