
2023 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі. Іс-шара орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері шеңберінде өтеді. Кездесудің күн тәртібі АӨК дамыту жөніндегі шараларды талқылау болмақ.
Кездесу сағат 10:00-де Алғабас шағын ауданында, 7-ші көшеде, 142/29 үйде (Алматы қаласы, Алатау ауданы) өтеді.
Сұрақтар мен ұсыныстарды bazarbay.a@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 701 701 34 50 – Дамир Егізбаев.