
Іра қара малдардың арасында нодулярлы дерматит ауруын болдырмау мақсатында, Қостанай облысының ветеринариялық қызметі а.ж. 26-27 шілде аралығында эпизоотологялық тексеру жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша жануарлар арасында аса қаупті аурулар, соның ішінде іра қара малдардың нодулярлы дерматиті анықталған жоқ. «Амангелды арайы» аудандық газетінде мал ұстау ережесі және осы аурудың клиникалық белгілері және алдына алу шаралары (репелленттерді алдын алу мақсатында қолдану) туралы мақала жарияланды. Сонымен қоса, штаттық режимінде, нодулярлы дерматит ауруының алдын алу мақсатында, 26 800 іра қара малға вакцина егілді. Қазақстан Республикасы аумағында іра қара малдардың нодулярлы дерматит ауруына қарсы Кенияда өндірілген НИТЛИНГ вирусының типінен негізінде жасалған «Lumpi Vax» вакцинасы қолданылады.