Ақпараттық жүйелердің интеграциясы сұрақтары бойынша Россельхознадзормен қызметтік кездесу туралы

Ақпараттық жүйелердің интеграциясы сұрақтары бойынша Россельхознадзормен қызметтік кездесу туралы

Жұмыс бабы бойынша өткізілетін кездесудің мақсаты, екі елдің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ басшылығы мен Россельхознадзор арасындағы ақпараттық жүйені интеграциялау туралы алдында келісілген келісімдердің орындалуы болып табылады.
Кездесу барасында Россельхознадзор қызметкерлері қазақстандық әріптестерін ФГИС “Аргус Фито» ұйымының жұмысы жүйесімен таныстырды.
Өз кезегінде, Қазагромаркетинг өкілдері Ресейлік әріптестерін ҚР АШМ АӨК Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесімен, оның ішінде фитосанитарлық құжаттарды беру және есеп жүргізу жүйесімен таныстырды.
Кездесу аясында екі жақ интеграциялау жүйесінің алдағы қадамдары және ақпарат алмасудың техникалық мүмкіндіктерін бекітті.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com