Ресей Федерациясында өткен келісімдер нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі шектеу шаралары қаралмайды

Ресей Федерациясында өткен келісімдер нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі шектеу шаралары қаралмайды

Кездесу соңында тараптар электронды ветеринариялық ілеспе құжаттарды «БАБЖ» АЖ-нан «Меркурий» АЖ компонентіне беру үшін электронды құжаттардың құрамы мен электрондық хабарламалардың құрылымы туралы түсініктеме беріліп, келісім жасалды.
Сондай-ақ аталған ақпараттық жүйелер арасында электрондық ветеринариялық ілеспе құжаттарды алмасу жоспары әзірленді және келісім жасалды.
2018 жылғы 26 қыркүйекте Россельхознадзордың (Мәскеу қ.) Россельхознадзор басшылығы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті интеграциялық үрдістерді әрі қарай іске асыру үшін көрсетілген Жоспарға қол қойды.
Өз кезегінде, қазақстандық тарап ақпараттық жүйелердің интеграциялық үдерістерін және 2019 жылдың мамыр айының ортасына дейін ветеринаритялық сертификаттарды беруді аяқтау жоспарлары бойынша жұмысты күшейтуге дайын екендігін білдірді.
Сонымен бірге, Ресей тарапы 2019 жылдың қазан айына дейін ветеринариялық сертификаттар туралы деректерді беруді аяқтайды.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы жоғарыда аталған келісімдерге негізделе отырып, екі жақ тарапынан шектеу шараларын енгізу қарастырылмайды.