
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - АШМ) 2023 жылғы 16 қазанда жарияланған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың мерзімі 2023 жылғы 21 қарашаға дейін (қоса алғанда) ұзартылғаны туралы хабарлайды. Бұған дейін конкурс туралы хабарландыру АШМ ресми сайтында жарияланған болатын. Барлық сұрақтар бойынша 555-973 нөміріне хабарласуға болады.