СҚО-да АӨК жобаларын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде семинар өтті

СҚО-да АӨК жобаларын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің тапсырмасы бойынша АӨК жобаларын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша екі күндік оқыту семинары өтті.

Семинар қатысушыларына АӨК-тегі инвестициялық жобаларды несиелеу механизмі мен жобаларды жүзеге асырудың ғылыми аспектілері түсіндіріліп, ветеринариялық қызмет жұмысының осы мәселедегі басымдығы туралы айтылды. Сонымен қатар шетелдік компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланып, тауарлы сүт фермаларына арналған жабдықтар таныстырылды.

Қаржы құралдары және шағын несиелендіру департаменті директорының орынбасары Қанат Әубәкіров 2023 жылы АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру бойынша СҚО тәжірибесін көбейту бағдарламасын іске асыру басталғанын айтты. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан нарығын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерімен толықтыру және тұрақты жұмыс орындарын құру есебінен ауыл халқының табысын арттыру. Бағдарламаға 65 тауарлы сүт фермасы жобасын несиелеу үшін 100 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Тәжірибе алмасу үшін СҚО-ның жұмыс істеп тұрған тауарлы сүт фермаларына және өзге де кәсіпорындарына бару семинардың маңызды бөлігі болды. Іс-шара аясында қатысушылар мен сарапшылар «Петерфельд Агро» ЖШС мен «Иван Зенченко» ЖШС сүт фермаларын, «Северный Бройлер» ЖШС құс фабрикасын және «Зеленый Север» ЖШС жылыжай кешенін аралады.

Семинарға «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, жергілікті атқарушы органдар мен тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлап жүрген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.