
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 171 бұйрығымен 2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидалары бекітілді.
Форвардтық сатып алу бойынша 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін, атап айтқанда бидай, арпа, майлы дақылдар мен қарақұмықты сатып алу қаржыландырылатын болады.
Шаруалардың өтімді кепілдерінің жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында қамтамасыз ету ретінде екінші деңгейдегі банктердің де, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың да кепілдіктерін қабылдау туралы шешім қабылданды.
Форвардтық сатып алу талаптары мен қағидаларын түсіндіру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясының орталық аппаратында «жедел» желі құрылды:
8-717-2 59-12-48, 59-12-73, 59-12-39, +7 702 513 69 79 (whatsapp).
Барлық қажетті ақпарат Азық-түлік келісім шарт корпорациясының www.fcc.kz ресми интернет-ресурсында жарияланған.