Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдауын өткізді

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдауын өткізді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдады. Қазақстанның әр өңірінің тұрғындары АШМ басшысына офлайн және онлайн режимінде сұрақтар қойды. Айдарбек Сапаров тұрғындардың негізгі мәселелерімен, сұраныстарымен танысып, ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты бөлімшелеріне тапсырмалар берді.

Қабылдауда екі қатысушы министрге Қорғалжын ауданының Майшұқыр ауылдық округінің 2002 жылы Егіндікөл ауданына берілген жерлерін қайтарып алу туралы өтінішпен жүгінді. АШМ басшысы Қорғалжын ауданы әкімінің және аудандық мәслихаттың шешімі, сондай-ақ Ақмола облысы әкімінің жерді беру туралы қаулысы бұзушылықпен шығарылғанын атап өтті. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық әкімдікке заңсыз шешімдердің күшін жою туралы хат жолдады, алайда ведомство шара қолданбады. Айдарбек Сапаров «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңа сәйкес мәслихаттардың шешімдерінің күшін мәслихаттың өзі не сот тәртібімен, ал әкімдіктің және (немесе) әкімнің актілерінің күшін ҚР Үкіметі, жоғары тұрған әкімдік және (немесе) әкім, әкімдіктің өзі және (немесе) әкім, сондай-ақ сот шешімімен жойылатынын еске салды. Сондықтан өтініш берушілер жергілікті атқарушы органға не өз құқықтарын қорғау үшін сот органдарына жүгінуі қажет.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері АНК несиелерін төлеу кезінде кейінге қалдыруға қандай жағдайларда сене алатыны, ал қайсысында болмайтыны қызықтырды. Мысал ретінде АШМ басшысы қаржы институттары алдындағы қарыздары бар өтініш берушілердің әрбір жағдайын талдады.

Бұдан басқа, өтініш берушілер Айдарбек Сапаровқа өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану, жерді мақсатсыз жырту мәселесі, инвестициялық салымдар, асыл тұқымды мал шаруашылығы және ет экспорты бойынша субсидиялар алу туралы сұрақтармен жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, халықпен кездесулер Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 16-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған Азаматтарды қабылдау орталығында өтеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларының қабылдауына 8(7172) 555 840 телефоны арқылы жазылуға болады.