Құрметті БАҚ өкілдері!

Құрметті БАҚ өкілдері!

Алматыда 1 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен Agroworld Qazaqstan көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

Сондай-ақ, көрме аясында Нидерланд павильонының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шараға Нидерланд Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы вице-министрі Ян-Кейс Худ, Нидерландтың Орталық Азиядағы Елшісі Нико Схермерс, Нидерланд Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің еуропалық, халықаралық және агроэкономикалық саясат басқармасының арнайы өкілі Карен Бакхаузен және басқалар қатысады.

Сонымен қатар, Agroworld Qazaqstan-да ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Нидерландының ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігі арасында агробизнесті дамыту саласындағы мәселелерді жоғары деңгейде талқылау үшін ресми негізді қамтамасыз ететін өзара түсіністік және бірлескен ауыл шаруашылығы комитетін құру туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Agroworld Qazaqstan – ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік беретін халықаралық іс-шара.

Күні мен уақыты: 1 қараша, көрменің ашылуы – сағат 11:00-де, меморандумға қол қою – сағат 13:00-де.

Өтетін орны: Алматы қ., Тимирязев көшесі 42, «Атакент» көрме кешені, 9 павильон

Анықтама телефондары: +7 775 966 6780, +7 701 701 3450.