
Ертеректе Ростов облысындағы "Белокалитвинская" құс фабрикасында құс тұмауының ошағы табылған болатын. Осы оқиғадан кейін "Евродон"құс фабрикасында құс тұмауының жаңа ошағы туралы хабарланды.
Еске сала кетсек, ертеректе, құс тұмауы бойынша шектеулер Алтай өңірі, Саха Республикасы (Якутия), Астрахан, Қалмақ Республикасы, Курс, Пенза, Самара, Орлов, Нижегородской, Ростов облыстарындағы құс фабрикаларына салынған болатын.
Қазіргі кезде Кеден одағы кәсіпорындарының ресейлік реестрінде құс өсіру, құс өнімдерінің өндірісімен айналысатын және өңдейтін 55 кәсіпорыны бар, алайда, олардың құстары мен құс өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тиым салынған.