Ауыл шаруашылығы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Ведомство басшысы Айдарбек Сапаров сала қызметкерлерін басты мерекемен құттықтап, марапаттар табыс етті.

«Бұл барлық қазақстандықтар үшін айтулы күн. Егемендік декларациясы біздің тәуелсіздігіміздің бастамасы болды. Былтыр Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке қатарына қосылды», - деп атап өтті министр.

Айдарбек Сапаров алдағы үш жылда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында үлкен міндеттер тұрғанын айтты. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін құрауы тиіс, агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін ұлғайту қажет. Импортты алмастыру жұмыстары шеңберінде ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыру үшін инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

«Президентіміз белгілеген міндеттерді іске асыру, саланы дамытуды жаңа деңгейге көтеру өздеріңіздей еңбекқор, отаншыл, кәсіби мамандар мен қызметкерлердің үлесінде. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жемісті жұмыс атқаратынымызға сенемін» - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етті.

«Құрмет» орденімен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Қаныш Әлиев, Жер русурстарын басқару комитеті Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ержан Ташпенбетов,                                   С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» «Ветеринариялық санитария» кафедрасының профессоры Балғабай Майқанов,  А.Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибие стансиясының жетекші ғылыми қызметкері Григорий Середа және басқалар марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы Саят Қамзин, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдіктерді қорғау басқармасының басшысы Алмат Сүлейменов және ведомствоның басқа да қызметкерлері марапатталды.

Мәдениет және ақпарат министрінің азаматтық қоғамды дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хаттары ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, «Қазақтан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ұлттық одағы» ЗТБ төрағасы Мырзахмет Өксікбаевқа және ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, «Қазақтанның фермерлер одағы» республикалық қауымдастық төрағасының орынбасары Ермек Әбуовқа табыс етілді.