Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысының шаруаларымен кездеседі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысының шаруаларымен кездеседі

2023 жылғы 26 қазанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде өңірлердің АӨК дамыту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында облыстың бірнеше шаруа қожалықтарына бару жоспарланған.

Кездесу сағат 11.30-да Жамбыл ауданы, Аса ауылы, аудан әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Сондай-ақ, өңірдің АӨК-ті дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды bazarbay.a@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.

БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат тел. бойынша: +7 701 701 34 50 – Дамир Егізбаев