Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру

Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласының кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрамы мүшелерін қалыптастыру үшін хабарландыру жариялайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық кеңесі консультативтік-кеңесші орган ретінде мынадай функцияларды орындайтын болады:

- мемлекеттік орган  (ҚР АШМ) тарапынан әзірлеген салалық біліктілік шеңберін бекітеді;

- мемлекеттік орган (ҚР АШМ) әзірлеген кәсіптік стандарттарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі ұсыныстар мен келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстары және басқаларын келіседі.

Осыған байланысты, салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін өз кандидатураларыңызды оған қоса мынадай құжаттарды ұсынуды сұраймыз:

1) жазбаша өтініш (өтініш үлгісі қоса беріледі);

2) ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).

Салалық кеңестің құрамына 2 (екі) өкілден артық емес іріктелетінін атап өтеміз, яғни:

1) мемлекеттік органнан;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан;

3) кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органнан;

4) жұмыс берушілерден;

5) салалық кәсіптік одақтарынан (бар болған жағдайда);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдар (бар болған  жағдайда);

7) Ауыл шаруашылығы саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

Кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен оларға қоса берілген құжаттарды салалық кеңестің құрамына енгізу үшін 2023 жылғы 25 қазанға дейінгі мерзімде төмендегі электрондық мекенжайға ұсынуды сұраймыз: b.nasyrhanova@nasec.kz және k.yelemessov@nasec.kz

Өтініш үлгісі