
19-20 қазанда «EXPO» ХКО-да KazAgro/KazFarm-2023 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді.
Қатысушылар әлемнің жетекші ауыл шаруашылығы концерндерінің озық ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын ұсынады, сондай-ақ соңғы инновациялық технологиялар мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламаларын көрсетеді.
Салалық көрме аясында 20 қазанда ҚР АШМ-нің ұйымдастыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Министрлік конференциясы өтеді. Сондай-ақ бағдарлама аясында жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтарының басшыларының қатысуымен семинарлар, презентациялар, бизнес-миссиялар қарастырылған.
Министрлік конференциясының басталуы сағат 11.00-де.
Конференция қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров журналистер үшін брифинг өткізеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1.
Аккредиттеу үшін БАҚ атауын, журналистің аты-жөнін және байланыс нөмірін көрсете отырып minagripress@gmail.com поштаға жіберу керек.
Аккредиттеу 18 қазанда сағат 17.00-де аяқталады.
Қосымша сұрақтар бойынша: ҚР АШМ баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев, Тел.: +7 701 701 3450.