
2023 жылғы 16 қазанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде еліміздің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды және өңірде егін жинау науқанын өткізу мәселелерін талқылау.
Кездесу сағат 11.30-да «Шахтерское» ЖШС (Нұра ауданының Шахтерское ауылы) алаңында өтеді.
Сондай-ақ, өңірдің АӨК-ті дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды bazarbay.a@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел. бойынша: +7 701 701 34 50 – Дамир Егізбаев