10, 5 мың тоннадан астам сиыр еті экспортқа жіберілді

10, 5 мың тоннадан астам сиыр еті экспортқа жіберілді

Жыл басынан бері 10,5 мың тонна сиыр еті экспортталды, 46,5 мың аналық ІҚМ басын сатып алу қаржыландырылды, бордақылау алаңдарына 42 мыңнан астам бұқа тапсырылды.
Етті мал шаруашылығын дамыту –  Елбасының Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін кем дегенде 2,5 есеге арттыру бойынша тапсырмасын орындау аясындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. 2018 жылға көрсеткіш 15 мың тоннаны құрайды.
 «Жәке» ШҚ қазіргі заманғы бордақылау алаңынан мыңнан астам бұқа Өзбекстанға жіберілді, онда бір мезгілде 3000 астам бас бордақыланады. Бордақылау алаңының жұмысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қарағанды облысына іссапары аясында танысқан болатын.  
Бұдан әрі шараның қатысушылары облыстың бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысты. .
«Агрофирма Курма» ЖШС құс фабрикасы жұмыртқа бағытында жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын облыстық нарыққа 260 млн дана жұмыртқа өндіріп, сатады. Ағымдағы жылы кәсіпорында биоқалдықтарды қайта өңдеу арқылы энергияны үнемдейтін швейцариялық қондырығы пайдалануға берілді. 571 млн теңгеден астам инвестиция салынды.

«Eurasian Foods» АҚ май өндірісіне маманданған:маргариндер, майлар және сары май шығарумен айналысады. Кәсіпорын жыл сайын 54 мың тоннадан астам өнімдер өндіреді. Қойылтылған сүт өндірісі бойынша цехтың құрылысын инвестициялайды. Өнім Ресей Федерациясына, Қырғызстан Республикасына, сондай–ақ Тәжікстанға, Өзбекстан мен Түркменстанға экспортталады.
Соңында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша республикалық селекторлық жиналыс өтіп,өңірдің ауылшаруашылық өнімін өндірушілермен кездесу болды. Оның қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің орынбасарларына бағдарламаға фермерлерді тартуға бағытталған шараларды күшейтуге нақты тапсырмалар берілді.
Нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, ауыл шаруашылығы бағытына жетекшілік ететін әкім орынбасарларының жеке жауапкершілігі атап көрсетілді.