АШМ қайта өңдеушілер үшін ІҚМ етін әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлуге өтінімдер қабылдайтыны туралы хабарлайды

АШМ қайта өңдеушілер үшін ІҚМ етін әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлуге өтінімдер қабылдайтыны туралы хабарлайды

2023 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаны қоса алғанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылы сиыр етін (9 240 тонна) әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлуге қатысуға қайта өңдеушілерден өтінімдер қабылдауды жүзеге асыратын болады (2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 «Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰЭМ бұйрығына сәйкес).

Қатысу үшін қажетті құжаттар:

- сиыр еті бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде сиыр етінің үлесін көрсете отырып жоғырыда аталған Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

- кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) алдыңғы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесі (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені).

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (7172) 55-58-22.