Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз әкелуге жол берілмеді

Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан карантинге жатқызылған өнімдерді заңсыз әкелуге жол берілмеді

Бақылау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан 141 тонна бидайдың, Қырғыз Республикасынан 2 тонна алма мен 20 тонна жүзімнің міндетті фитосанитарлық сертифакатсыз әкелінгені анықталды. Бұдан бөлек, Өзбекстаннан 2,5 тонна құрманы әкелу барысында карантинді объект анықталды(Костока сымыры – Pseudococcus comstocki (Kuwana)).
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша инспекторлар бұзушыларды "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы-елдер аумағына қайтарылды.