2020 жылдың мамыр айына ұн шығару квотасын алуға мүдделі тұлғалардың қосымша өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыру

2020 жылдың мамыр айына ұн шығару квотасын алуға мүдделі тұлғалардың қосымша өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және ішкі нарыққа кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ аталған шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі айқындалды.

2020 жылғы мамырға ұн экспортына арналған квотаның қосымша көлемі 6 588 (алты мың бес жүз сексен сегіз) тоннаны құрайды.

Жоғарыда көрсетілген ұн экспортына арналған квотаның көлемі 2020 жылдың сәуір айына квота алған және 2020 жылдың сәуір айында алынған квота шеңберінде көлемін тиемеген өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Бұл ретте квота көлемі 2020 жылдың сәуіріне алынған квота шеңберінде жөнелтілмеген көлемдерге сәйкес келуі тиіс.

Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2020 жылғы 14 мамыр сағат 18.00-ге дейін PDF форматында уәкілетті ұйымның электрондық пошта мекенжайларына қабылданады.

Өтінімдер «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ арқылы мына электрондық мекен-жайға қабылданады: info@kaznan.kz

«Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ-ның басшысы Ган Евгений Альбертович, Тел.7 701 511 9005.

Жетекші маман – Жестовская Александра Александровна, тел. 7 701 514 5875.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен көзделген жағдайда өтінімдерді қайта қабылдау ерекшелік болып табылады.

ҚР АШМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3791?lang=ru&parentId=3529