
Астықты тиеу барысында "Квифокс" препаратымен астықты ыстау жүргізілді, препарат дозасы бір тоннаға 9 грамды құрады, ол ыстағышты пайдалану бойынша талаптар мен нормативтерге сәйкес келіп отыр.
Ыстау жұмыстарын "Агроконсулт" ЖШС 2004 жылдың 27 сәуіріндегі №1 Серия А-Ф лицензиясы негізінде орындады, ол бойынша Ақтау порты аумағында астық жүгіне зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Үстіміздегі жылдың 9 айында Ақтау порты арқылы Иран және Әзербайжанға 1,15 млн тоннадан астам астық жөнелтілген, соның барысында 340 теңіз кемесі ыстаудан өткен. Ыстау жұмыстары тиісті лицензиясы мен біліктілігі бар фирмалармен, арнайы препараттар арқылы жүргізілген.