
Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру қағидаларын бекітті. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңінен тарату шеңберінде бүкіл ел бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қарыздың ең жоғары сомасы 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға дейін мерзімге 2,5%-бен несие беру жоспарланып отыр.
Үміткерлерге несиелер жаңа кәсіпорындар құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермалары (қуаты 400 бастан бастап), ет бағытындағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймалары (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ заманауи су үнемдеу технологияларын (шашырату, тамшылатып суару) пайдалана отырып суармалы егіншілік саласындағы жобаларды (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) кеңейту үшін берілетін болады.
Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді, ол 65 сүт-тауар фермасының құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады.