2018 жылғы қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары 497 тонна және 252,6 м3 заңсыз тасымалданған өсімдік өнімдерінің жолын кесті

2018 жылғы қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары 497 тонна және 252,6 м3 заңсыз тасымалданған өсімдік өнімдерінің жолын кесті
Карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде 43 тонна бидай кебегі, 21 тонна тағамдық картоп, 17 м3 кесілген ағаш өнімдері фитосанитариялық  сертификатсыз тасымалданған.
         Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес  аталған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға тиым салынған. Барлық өнім Ресей Федерациясына кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
         Жалпы ағымдағы жылдың қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлармен 35  жағдайда (497 тонна және 252,6 м3) Ресей Федерациясынан заңсыз карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік өнімдері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны үшін жіберілмеді.