
Құрметті Қазақстандықтар!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы мереке –халқымыздың Қазақстан Қарулы күштеріне деген сенімін нығайтып, азаматтық борыш пен әскери міндеттің мәртебесін арттырады.
Өткенге көз жүгіртер болсақ, тарихымыз әскери ерліктің, қайтпас қайсарлық пен батылдықтың үлгісіне толы. Ел үшін жан берген батырлардың есімі қашанда халық жадында.
Төтенше жағдай кезеңінде халық үшін қалтқысыз қызмет атқарған әскери қызметкерлерге алғысымыз шексіз.
Мемлекет пен халық алдындағы борышын адал атқарып жүрген батырлар бейнесі ерекше мақтаныш пен құрмет-беделге ие.
Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі тілекпен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров