Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмдерде тыйым салынған және зиянды заттардың бары анықталған

Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмдерде тыйым салынған және зиянды заттардың бары анықталған

Азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бастапқы анықтауға байланысты, Ресей мен Беларус мемлеткеттеріндегі кәсіпорындарға күшейтілген зертханалық бақылау режимін енгізді:
КМАФАнМ-нің (мезофильді аэробты және факультативті түрде анаэробты микроорганизмдердің саны) нормативтік мәнінен асып түсетін бройлер балапан етінен жасалған рагу – ЖШҚ «МПК» «Бройлерное производство» Ресей Федерациясы;
КМАФАнМ-нің нормативтік мәнінен асып түсетін мұздатылған тауық тобық еті «Благояр» - ЖШҚ «Птицекомбинат» Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі;
Потогендік микроорганизмдердің оның ішінде сальмонелла асып түсетін бройлер тауық етінің жартылай фабрикаты, мұздатылған сорпа жинағы – ЖШҚ «Нагайбакский птицеводческий комплекс» Ресей Федерациясы, Челябинск облысы;
БІТТ-нің (бактериялық ішек таяқшалары топтамасы) нормативтік мәнінен асып түсетін бұқтырылған шұжық өнімдері, мұздатылған шұжық өнімі (сосика) – ЖШҚ «МПК» «Атяшевский» Ресей Федерациясы Мордовия Республикасы;
Потогендік микроорганизмдердің оның ішінде сальмонелла асып түсетін тұтас бройлер тауық еті - ААҚ «Птицефабрика «Дружба» Беларус Республикасы.