
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады. Қазақстанның түрлі өңірлерінің тұрғындары қабылдауға негізінен жер алу, ветеринариялық қауіпсіздік және «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша келді.
Ербол Қарашөкеев қаралған әрбір өтініш бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ ол қабылдауға келген азаматтардың көтерілген мәселелерінің шешілуін өзінің жеке бақылауына алынатынын айтты.
Айта кетейік, шілде айынан бастап халықпен кездесу Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан Азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында өткізіліп келеді.
Сондай-ақ, 8 (7172) 555 840 телефон нөмірі бойынша бекітілген кестеге сәйкес, ҚР АШМ-ның лауазымды тұлғаларының қабылдауына жазылуға болатынын еске саламыз.