2020 жылдың мамыр айына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 3-4 сыныпты бидайды шығаруға квота алуына мүдделі тұлғалардың қосымша өтінімдерін қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылдың мамыр айына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 3-4 сыныпты бидайды шығаруға квота алуына мүдделі тұлғалардың қосымша өтінімдерін қабылдау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен ішкі нарыққа тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ көрсетілген шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі айқындалды.

Жалпы мәлімделген көлем жауапты бөлімше белгілеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (АШТӨ) үшін 3-4 сыныпты бидай квотасының көлемінен аз болуына байланысты АШТӨ үшін 3-4 сыныпты бидайды шығаруға арналған квотаны алуға қосымша өтінімдер қабылдау жарияланады.

2020 жылғы мамырға арналған квотаның қосымша көлемі:

– басқа сақтау орындарынан тиеу кезінде АШТӨ үшін 3-4 сыныпты бидай – 25 000 (жиырма бес мың) тонна.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына 3 және 4-сыныпты бидайды кепілді жеткізу көлемі:

- басқа сақтау орындарынан (лицензияланған элеваторлардан басқа) АШТӨ жөнелту шартымен 7 500 (жеті мың бес жүз) тонна.

EXW, ИНКОТЕРМС 2020, лицензияланған элеватор жеткізу шартымен ішкі нарыққа 3 және 4 сыныпты (органикалық бидайды қоспағанда) бидайды сату үшін тіркелген баға:

- 3 сыныпты бидай үшін ҚҚС-пен 88 000 (сексен сегіз мың) теңге;

- 4 сыныпты бидай үшін ҚҚС-мен 84 000 (сексен төрт мың) теңге.

Бір өтінімге лимит:

- квотаның белгіленген көлемінің 10%-ы немесе басқа сақтау орындарынан экспортты жүзеге асыруды жоспарлап отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 2 500 (екі мың бес жүз) тоннадан артық емес.

Қосымша талаптар мен шарттар:

  1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде өтінім берген күні басқа сақтау орындарынан жоспарланып отырған экспортты қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде бидай көлемінің болуы бидай экспортына квота алуға үміткер тұлғаға ресімдеген белгіленген нысандағы қоймалық анықтаманың көшірмесімен расталады.
  2. Өтініш берушінің ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мәртебесін растауы бірінші басшының қолымен және мөр бедерімен расталған 2019 жылғы 29-аш статистикалық есептіліктің қорытынды нысанын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімдер уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына PDF және Excel форматында хабарландыру жарияланған күннен бастап 2020 жылғы 4 мамыр сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдер қабылданады:

«Қазақстанның Астық одағы» ЗТБ арқылы электрондық пошта адресіне: export@grainunion.kz

«Қазақстанның Астық одағы» ЗТБ-ның басшысы Оспанов Нұрлан Елеусізұлы, тел. +7 777 618 4618.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен көзделген жағдайда өтінімдерді қайта қабылдау ерекшелік болып табылады.

ҚР АШМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/activities/3787?lang=ru&parentId=3529