
Осылайша, Ресейге қазақстандық тауарларды, соның ішінде, сиыр еті, қой еті, балық, жеміс-көкөніс және мұнай өнімдері сияқты, сондай-ақ өсімдік майы сияқты өнімдерді экспорттаудың әлеуетінің өсуі 2,2 млрд. долларды құрайды.
Қазақстан жағы етті мал шаруашылығы жүйесін құрудың қорытындылары, соның ішінде селекциялық- асыл тұқымды жұмыстардың жаңа тәсілдерін ұсынды. Өз кезегінде ресейлік тарабы қазақстандық тәжірибені зерттеуге қызығушылық танытты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мамандарымен бірлесе отырып, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту және 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында құрылған сиыр етін өндірудің технологиялық тізбегі негізгі объектілерімен танысу мақсатында Қазақстанға сапары жоспарлануда.
Тараптар сондай-ақ Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында дамыған ұлттық қадағалау жүйелерін интеграциялау қажеттілігі туралы маңызды мәселені талқылады. Осылайша, Ресей жағы премьер-министр Дмитрий Медведевтің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін және қозғалысын қадағалаудың бірыңғай жүйесін (азық-түлік өнімдері ЕГАИС) енгізуге дайындалуда. Қазіргі уақытта қазақстан тарапы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Россельхознадзор қол қойған кестеге сәйкес ЕАСУ және Меркурий жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыстарды аяқтауда.
21-22 ақпанда Омбыда Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Россельхозцентр мамандарымен шекаралық аудандардағы шегірткілерді бақылау бойынша бірлескен дайындық жұмыстарын жүргізуге кездесу өткізуі туралы келісімге қол жеткізілді. Қызметтің іс-әрекетін үйлестіру үшін жұмыс тобы құрылады және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылады.
Тараптар Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы вице-министрлері басқаратын тұрақты проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.