АШМ кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау тәсілдерін өзгертеді

АШМ кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау тәсілдерін өзгертеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі басым жобаларды кредиттеу және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде қаржыландырылған жобалар бойынша субсидиялауды есептеу үшін номиналды мөлшерлемені ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланыстыру бойынша өзгерістерді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.

Атап айтқанда, қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 4,5 % теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылатын болады, оның 13,25% - мемлекет төлейді, ал айырмасын қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейді.

Бұдан басқа, күту парағына келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялау шартын жасасу мүмкіндігі көзделген, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша есептілік нысаны және кредиттеуге және қаржы лизингіне арналған тауарлардың тізбесі жаңартылды.

Инновациялар туралы толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/506606?lang=kk