
Қазақстандық жылыжайлар маусымаралық кезеңде жабық топырақта көкөніс өсіру кезінде электр энергиясына, газға және көмірге жұмсалатын шығындарды субсидиялауға үміткер бола алады.
Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының тиісті жобасы әзірленіп, талқылау үшін Ашық НҚА порталына шығарылды.
Құжат жобасы жылыжайлары 2023 жылғы мамырда бекітілген ҚР СТ 3834-2023 ұлттық стандартына сәйкес келетін фермерлер үшін мемлекеттік қолдауды көздейді.
Өзгерістермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/506584?lang=kk