АШМ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша оқу курсынан өтті

АШМ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша оқу курсынан өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытындағы жобалар топтарын іске асыру шеңберінде семинар-оқыту өтті. Семинарды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырды.

Семинарға министрлік пен комитеттер, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың жауапты қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында биылғы жылға арналған жобалар картасы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар таныстырылды.

Қорытындысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері семинар барысында туындаған мәселелер бойынша түсініктеме берді.