Заңсыз жағдайда өсімдік өнімдерін әкелу жағдайының алдын алды

Заңсыз жағдайда өсімдік өнімдерін әкелу жағдайының алдын алды

Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау  жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 60 тонна ақ қырыққабат, 44 тонна  күнбағыс тұқымы, 30 ш.м. кесілген ағаш, Қытайдан 9 тонна жүгері тұқымы,  Қырғызстаннан  4 тонна картоп және Өзбекстаннан жүзім және алма көшеттері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Өзбекстаннан 18,6 тонна жүзім, 107,9 тонна қырыққабат, 11,7 тонна қияр мен қызынақ, 13,9 тонна көкөніс міндетті таңбалаусыз әкелінген.
Өзбекстаннан әкелінген 11,1 тонна анарға бақылау жүргізу кезінде камсток шыбыны карантиндік объектісі анықталды. Сонымен бірге, Өзбекстаннан келген көптеген көкөністердің атауы бойынша фитосанитариялық сертикатта көрсетілген өнімдердің атауымен сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына, Қырғызстанға, Қытай Халық Республикасына, Иранға және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.