Сарапшылар Алматыда өтетін конференцияда агроғылымның өзекті мәселелерін талқылайды

Сарапшылар Алматыда өтетін конференцияда агроғылымның өзекті мәселелерін талқылайды

«Жаһандық және өңірлік сын-тегеуріндер жағдайындағы аграрлық сектор: жай-күйі, проблемалары мен шешімдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында АӨК-ті ғылыми қамтамасыз етудің негізгі мәселелері талқыланады. Пікірталас алаңы академик Гани Қалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Конференция жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның жетекші ғалымдары қатысады.

Сарапшылар климаттың өзгеруі және су ресурстарының тапшылығы, агроэкология проблемалары, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлауды ескере отырып, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы мен  егіншілікті дамыту мәселелерін талқылайды.

Конференцияны ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ ұйымдастырады. 

Өтетін күні: 2023 жылы, 20 шілде, сағ. 14-00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 (Қонаев көшесінің қиылысы), Достық үйінің акт залы

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: 8705-905-53-28, Жұмашева С.Т.

Қабылдау бөлімнің нөмірі: 8 (727) 245-36-20, e-mail:kazniiapk@mail.ru