
«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және ішкі нарыққа кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ көрсетілген шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі анықталды.
2020 жылғы мамыр айына арналған квота көлемі шикі тазартылмаған күнбағыс майы бойынша 10 000 (он мың) тоннаны құрайды.
2020 жылғы мамыр айына Қазақстан Республикасының ішкі нарығына кепілді жеткізу көлемі ТН ВЭД 1512 11 910 9 коды бойынша шикі тазартылмаған күнбағыс майына 3 000 (үш мың) тоннаны құрайды.
2020 жылғы мамыр айына ішкі нарыққа өткізу үшін тіркелген баға шикі тазартылмаған күнбағыс майына - 290 000 (екі жүз тоқсан мың) теңге тоннасына ҚҚС-мен, жеткізусіз.
2020 жылғы мамыр айына экспортқа квота тазартылмаған күнбағыс майы бойынша бір өтінімге лимит - 3 000 (үш мың) тонна.
Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2020 жылғы 30 сәуірде сағат 12.00-ге дейін PDF форматында уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына қабылданады.
Өтінімдер «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы қабылданады:
«Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ Коммерциялық департаментінің менеджері Мәжітов Нұржан Маратұлы, тел. +77172-591276, +77055508080, N.Mazhitov@FCC.kz .
Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен көзделген жағдайда ғана өтінімдерді қайта қабылдау қарастырылады.
ҚР АШМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/27675?lang=ru