
Эрик Гукасов – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының дамуына өлшеулі үлес қосқан тарихи тұлға, қоғам қайраткері. Көрнекті инженер, өнертапқыш еліміздегі стратегиялық маңызы бар барлық суармалы-мелиорациялық нысандардың құрылысын ұйымдастырып, басы-қасында жүрді. Ол республика бойынша магистральды каналдар, суару алқаптарын, селден қорғау бөгеттерін, су тораптары және басқа да нысандарды тұрғызуға атсалысты. Бір сөзбен Эрик Христофорович еліміздегі шөлді жерлердің жемісті алқаптарға айналуының бірден-бір себепкері болды.
Эрик ГУКАСОВ 1932 жылы Баку қаласында, ата-анасы репрессияға ұшығараған отбасында дүниеге келген. 13 жасынан бастап тракторист көмекшісі болып жұмыс істеді. Содан кейін Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтын үздік бітіріп, ҚазКСР Шымкент облысына еңбек етуге кетті. Ол байырғы арық арқылы суары жүйесінің орнына жаңашыл жүйені енгізуге бастабы. Осы кезеңде келешегі зор жас маман алғашқы елеулі марапаттарға: ҚазКСР еңбек сіңірген құрылысшысы атағы және Қызыл Тудың Еңбек орденіне ие болды.
1965 жылы Эрик Христофоровичке «Басты күріш құрылыс-кеңшары» (Главриссовхозстрой) бас басқармасын құру тапсырылды. Ол осы мекемені 12 жылдан астам уақыт басқарды. Оның басшылығымен Оңтүстік Қазақстан өңірін суландыру бойынша ауқымды және теңдесі жоқ жұмыстар атқарылды. Жанкешті еңбегі үшін 1973 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды.
1978 жылы Дінмұхамед Қонаев Эрик Христофоровичтың Қазақстанда қалып, жұмыс істеуі үшін оны Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл қызметте Гукасов республиканың су шаруашылығы және ауыл құрылысын тікелей бақылап, басқарды. Атап айтқанда, ол Үлкен Алматы каналының құрылысына жауапты болды. Күрделі нысанның құрылысы рекордтық мерзімде - үш жарым жылда аяқталды.
1985 жылы елдің бүкіл агроөнеркәсіптік кешенін қайта құру кезеңі белең алды. Қазақ КСР Мемлекеттік Агропромы құрылды, оның құрамына бес министрлік кірді. Бөлім төрағасы болып Эрик Гукасов тағайындалды. Сонымен бірге ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмысын жалғастырды.
Эрик Христофорович өмірінің соңғы күніне дейін жерге деген патриоттық сезімінен танбады. Жердің игілігі үшін ол бар күшін салуға тырысты...
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Басты күріш құрылыс-кеңшарының» (Главриссовхострой) ұйымдастырушысы және Социалистік Еңбек Ері Эрик Христофорович ГУКАСОВТЫҢ отбасы және жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.