ҚХР кәсіпорындарымен инвестициялау мәселелері талқыланды

ҚХР кәсіпорындарымен инвестициялау мәселелері талқыланды

Кездесу барысында ҚХР "ChemChina" мемлекеттік компаниясы мен оның еншілес "Syngenta" компаниясы тарапынан Жамбыл облысындағы "Тараз "химиялық паркі" АҚ АЭА аумағында гербицидтер өндірісіне инвестиция салу мүмкіндігі талқыланды.

Екі жыл бұрын ChemChina компаниясы ауыл шаруашылығы химикаттарының жаһандық жетекші өндіруші болған еуропалық Syngenta компаниясын 43 миллиард долларға сатып алды. Қазіргі уақытта екі ірі қытайлық Sinochem және ChemChina компанияларын біріктіру жұмысы жүргізілуде.

Sinochem-ChemChina біріккен компаниясы мұнай өнімдері мен автокөлік шиналарынан бастап медициналық қолғаптар мен жәндіктерді жою тауарларын да өндіретін болады.