
«Қазақстан астықты қайта өндеушілер одағы» ЗТБ бидай ұнына квота алуға арналған өтінімдерді қарастыру нәтижелері бойынша ұн экспорты үшін квота алуға құқығы бар өтінім берушілердің 2020 жылғы мамырға арналған алдын ала тізбесі белгіленді (қоса беріледі).
Алынған квота шегінде ұн экспорты бөлінген көлемге сәйкес ұнды ішкі нарыққа кепілді жеткізу туралы ресми растау хаттарынан кейін ғана мүмкін болады.
Кепілді жеткізуге жататын ұн көлемі экспортқа шығаруға алынған квота көлемінен есептеледі.
Уәкілетті тұлғалар қол қойған, мөр таңбасы бар, жіберілген күні мен тіркеу нөмірі көрсетілген растау хаттарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты бөлімшесінің электрондық мекен-жайына жолдау қажет: zhumagulov.m@minagri.gov.kz және zhumabekova.a@minagri.gov.kz, анықтама телефоны: +7-7172-555-886,
+7-702-286-4050.
Растау хаттарын ұсынған алдын ала тізбедегі өтінім берушілер Ұнды сыртқа шығаруға квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесіне енгізіледі.
Ұнды сыртқа шығаруға квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесі ҚР АШМ интернет-ресурсында жарияланады. Жиынтық тізбеге ену ұн экспортына фитосанитарлық және ветеринарлық сертификаттар алуға негіз болып табылады.
Қосымша ақпарат
Алдын ала тізбеге енгізілмеген өтініш берушілер «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ өткізілген Өтінімдерді қарау қорытындысына ағымдағы жылғы 28 сәуірде сағат 18 00-ге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты бөлімшесінің электрондық мекенжайына растайтын құжаттарды, электрондық хаттың скрин-шоттарын енгізбеу себептерін баяндай отырып (өтінімді беру күні мен уақытын растау үшін және т. б.), өтініш беру арқылы шағымдана алады: zhumagulov.m@minagri.gov.kz и zhumabekova.a@minagri.gov.kz
Жүктеу сілтемесі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/28963?lang=ru