2020 жылғы мамыр айында тұқымдық картопты шығаруға квота алуға мүдделі тұлғалардың өтінімдерін қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылғы мамыр айында тұқымдық картопты шығаруға квота алуға мүдделі тұлғалардың өтінімдерін қабылдау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) тауарлардың кейбір түрлерінің экспортын шектеу және ішкі нарыққа кепілді жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді, сондай-ақ аталған шараларды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі айқындалды.

ТҰҚЫМДЫҚ КАРТОП:

Мамыр айында тұқымдық картоп экспортына квота көлемі 5000 (бес мың) тоннаны құрайды.

 Қосымша талаптар мен шарттар:

Тұқым аттестаты немесе белгіленген нысандағы тұқым куәлігі, сондай-ақ сынақтан өткізу актісі және түйнектік талдау актісі.

Тұқымдық картопты экспорттау кезінде тұқымның сорттық және егістік сапасын растайтын құжат ұсынылады.

Өтінімдер уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына PDF және Excel форматында хабарландыру жарияланған күннен бастап 2020 жылғы 26 сәуір сағат 15.00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдер қабылданады: «Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағы» ЗТБЖК арқылы электрондық пошта мекен-жайына: souzkio.kz@gmail.com

«Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағы» ЗТБЖК-ның басшысы  Қайрат Серікбайұлы Бисетаев, тел. +7 701 566 73 98.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен көзделген жағдайда өтінімдерді қайта қабылдау ерекшелік болып табылады.

ҚР АШМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары (ҚР АШМ 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 123 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Құжаттар нысандарын жүктеу сілтемесі:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/1?directions=3529&lang=ru