
Осы күндері Астанада Қазақстандық стандарттау және метрология институтының базасында ЕАЭО-ның азықтар мен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бетпе-бет отырысы өтіп жатыр.
Жұмысқа Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей сарапшылары қатысып жатыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жобаны әзірлеуші ретінде төралқасын басқарады, бұл ретте Қазстандартты техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының белсенді қолдауымен жұмыс атқарылып жатыр.
Отырыс шеңберінде осы бағыттағы алдыңғы көпжылдық жұмыстың қорытындылары өткізілді, келіспеушіліктер бойынша консенсус әзірленді және техрегламент жобасын сараптамалық деңгейден әзірлеудің келесі кезеңіне - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекетшілік келісуіне шығару туралы мәселе қаралды.
Еске сала кетейік, техникалық регламент шеңберінде жемшөп пен жемшөп қоспаларына, буып-түюге, таңбалауға және оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар белгіленетін болады. Құжат жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндірушілердің ғана емес, іс жүзінде мал шаруашылығы саласы мен ветеринария саласының барлық қатысушыларының мүдделерін қозғайды.