Ауыл шаруашылығы министрлігінің кәсіпкерлік саласындағы «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығы министрлігінің кәсіпкерлік саласындағы «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Кәсіпкерлікті «таза парақтан» реттеу саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде 7 жұмыс тобы құрылды.

Мамандар ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, тұқым шаруашылығы, астық нарығы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен органикалық өнімдерді қайта өңдеу, жер қатынастары және мал шаруашылығы бағыттары бойынша тиісті талдау жүргізді. Тәуелсіз сарапшылармен бірлесіп 40 жұмыс отырысы өткізілді.

Өткізілген жұмыс топтарының нәтижелері бойынша талаптардың түпкілікті тізбесі және НҚА қалыптастырылды. Барлығы 141 нормативтік-құқықтық актіге талдау жасалды, онда реттеуші актілерде 6053 талап анықталды, онда оларды қалыптастыру шарттарына сәйкессіздік анықталды, оның ішінде:

- базалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзгертуді (толықтыруды) талап ететін талаптар саны-583;

- базалық шарттарға сәйкес келмейтін және күшін жоюды талап ететін талаптар саны 149.

Осылайша, барлық 7 бағыт бойынша талаптарды талдау аяқталды.

«Таза парақтан» реттеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізу шеңберінде АШМ үшін 30 нормативтік құқықтық акт көзделген.

Бүгінгі күні, оның ішінде 15 НҚА қабылданды, 6 НҚА бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаннан кейін өзгерістер енгізу көзделеді (Бірыңғай пул), 9 НҚА Әділет министрлігінде соңғы келісімде және алдағы күндері қабылданатын болады.

Жалпы, келесі аптада бұл жұмыс толығымен аяқталады.