
Осы күндері Жетісу облысының Алакөл ауданында өткен Lepsi 2023 халықаралық мал шаруашылығы көрмесі аяқталды. Іс-шараға алыс және жақын елдерден аграрлық сектор, отандық фермерлік шаруашылықтарының өкілдері, сондай-ақ АШМ мен әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.
Делегаттарға заманауи ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары ұсынылды. Көрме алаңдарында ірі қара мал тұқымдарының арасында «Абсолютті чемпион 2023» атағы үшін конкурс өткізілді. Қостанай облысы, «Олжа-Беляевка» ЖШС Герефорд тұқымының «Дон Жуан» атты бұқасы барлық тұқымдардың ішіндегі ең үздігі болып танылды (жасы - 14 ай, тірі салмағы - 445 кг).
Lepsi 2023 аясында Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға үлес қосқан сала қызметкерлері «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.