
Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы өзінің мерейтойын атап өтті.
20 жылдан бері Орталық егіншілікті химияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді, ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, жер құнарлылығын сақтау және молықтыру, сондай-ақ сапалы өнім алу үшін ресурстарды ұтымды пайдалану бөлігінде жер пайдаланушылардың қызметін реттейді.
Республикадағы агрохимиялық қызмет жүйесі 4 облыстық филиал, 7 зертхана және орталық аппарат желісімен ұсынылған.
Ұйымның мерейтойына орай салтанатты жиналыс өтті. Орталықтың үздік қызметкерлері «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің, агротехникалық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ салалық компаниялардың басшылығы қатысты.