АШМ Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстанда үздіктердің бірі болып танылды

АШМ Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстанда үздіктердің бірі болып танылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Илхам Аметов аталған мамандықтың үздіктерін анықтау байқауында 1-ші орынға ие болды. Конкурсты жыл сайын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткізеді.

Байқауға қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және Әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру бойынша эссе мен презентациясын ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Әділет министрлігінің қызметкері Алма Сыдықова "Орталық мемлекеттік органның Әдеп жөніндегі үздік уәкілі" болып  танылды.  Осы номинациядағы алғашқы үш орынды келесі мамандар иеленді:

І орын - Илхам Аметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі;

ІІ орын - Зина Байғаскина, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;

ІІІ орын - Қабланбек Әшімов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Айта кетейік, Қазақстанда Әдеп жөніндегі уәкіл институты 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазір еліміздің мемлекеттік органдарында 765 Әдеп жөніндегі уәкіл бар, олардың 30 дербес мәртебеге ие. Өткен жылы Әдеп жөніндегі уәкілдер 20 мыңнан астам азамат пен мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетіп, 167 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді.