
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ауғанстан тарапы алдағы 4 жылда АИР-ны азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан бидай мен ұнды мемлекеттік сатып алуға қызығушылық танытты.
Айта кету керек, ауған нарығы - қазақстандық бидай мен ұнның дәстүрлі өткізу нарығы. Қазақстаннан Ауғанстанға бидай мен ұн экспорты, 2018/2019 маркетинг жылдары (1 шілдеден 30 маусымға дейін) үшін 320 мың тоннаны және 1 028 мың тоннаны құрады.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі тұтынушылары - солтүстік ауған өңірлері, сондай-ақ астаналық аймақ және Кабул қаласы.
Сондай-ақ Ауғанстаннан Қазақстанға өсімдік өнімдерін жеткізу мәселелері, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Анықтама. Қазақстаннан Ауғанстанға АӨК өнімінің экспорты 2018 жылы 399,9 млн.АҚШ долл., импорт-4,1 млн.АҚШ долл.
Ауғанстанға экспорттың негізгі көлемі:
Ауғанстаннан Қазақстанға келетін импорттың негізгі көлемі:
- жаңа піскен немесе кептірілген жүзім-3,8 млн. АҚШ сомасына (7,7 мың тонна);
- жаңа піскен немесе салқындатылған картоп-141 мың АҚШ сомасына (616,3 тонна);
- мақта талшығы, таралмаған-77,6 мың АҚШ сомасына(40,2 тонна).