Нидерланды біздің еліміз үшін, әсіресе, экономикалық және ауыл шаруашылығы салаларында маңызды әріптес болып табылады. Осылайша, Қазақстан мен Нидерланды арасындағы АӨК өнімдері бойынша тауар айналымы 2018 жылы 68,1 млн. АҚШ долларын құрады. Сонымен бірге, 2017 жылмен салыстырғанда экспорт 10,1-ден 22,2 млн. АҚШ долларына дейін екі есе өсті.
Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Осылайша, Алматы облысында картоп фри өндіретін зауытты салу және нидерландтық Lely компаниясымен бірлесе отырып, Павлодар облысында сүт фермасын құру бойынша бірлескен жобалар қаралды.