
Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау жөніндегі конкурсқа ұсыныстарды қабылдау басталады. Ұсыныстарды 2023 жылғы 5 маусымнан бастап және хабарлама жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде duysembek.a@minagri.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Астық қолхаттарын тіркеушінің қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушіге қойылатын тәртіп пен талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау жөніндегі ашық конкурс өткізу қағидаларында айқындалған.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 555-989