Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының үшінші елдерден ақ қантты бажсыз әкелу туралы мәселені ЕЭК отырысына шығару бойынша РБК-ның мақаласына түсініктеме

Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының үшінші елдерден ақ қантты бажсыз әкелу туралы мәселені ЕЭК отырысына шығару бойынша РБК-ның мақаласына түсініктеме

Бұл шешім ресейлік қант өндірушілер қазақстандық кондитерлерді, шырындар мен алкогольсіз сусындар өндірушілерді жеткілікті мөлшерде, қолайлы бағамен және қажетті сапада қантпен қамтамасыз ету шартымен қабылданды.
Алайда қант нарығында келесі жағдай қалыптасты.
Ресей Федерациясындағы қант қызылшасының жалпы түсімі 2018 жылы  2017 жылмен салыстырғанда 10% - ға төмендеді, бұл республиканың ішкі нарығындағы белгілі бір қант тапшылығына әкелді. Бұл ретте ресейлік қант бағасы халықаралық биржаларға қарағанда айтарлықтай жоғары болды

Анықтама:  2018 жылдың 21 желтоқсанындағы жағдай бойынша Мәскеу биржасындағы қант бағасы тоннасына 541$ құрады, ал Лондон биржасында тоннасына 337,6$.

Сонымен қатар, "Союзроссахар" Ресейдің қант өндірушілер одағы "коммерциялық емес ұйымының деректері бойынша 2017 жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша ресейлік қанттың босату бағасы бір тоннасы үшін 355 АҚШ долларын, ал 2018 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша бір тоннасы үшін 517 АҚШ долларын құрады.

Қалыптасқан жағдай қант шикізаты ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға теріс әсер етті: өндіріс көлемінің төмендеуі, зауыттардың тоқтап қалуы, өндірістің бәсекеге қабілетсіздігі. Сонымен қатар, қант бағасының ауытқуы тұтыну нарығындағы дүрлікпе тудырып, әлеуметтік шиеленіс туғызды.

Осыған байланысты Министрліктің атына "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан, Қазақстан кондитерлері ассоциациясынан және шырын және алкогольсіз сусындар өндірушілер ассоциациясынан еркін қойма иелеріне үшінші елдерден ақ қантты бажсыз әкелу бойынша уақытша жеңілдік беру туралы ұсыныстармен хат бірнеше рет келіп түсті.

Себебі жасалған келісім-шарттардың аяқталмауы, Еуропадан жолда және қоймаларда қанттың болуы, өндірісті жаңғырту қажеттілігі, ЕАЭО қант нарығының тұрақсыздығы және т. б. болды.

Осыны негізге ала отырып, бұл жағдай қазақстандық кәсіпорындарға 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін үшінші елдердің ақ қантын бажсыз әкелу үшін өтпелі кезеңді ұсыну жөнінде мәжбүрлі және Уақытша шаралар қабылдау қажеттігіне ықпал етті.

Алайда, отандық қант өндірісінің жеткіліксіз көлемін ескере отырып, қазіргі уақытта қазақстандық қант тұтынушылар мен ЕЭО мүше-мемлекеттердің өндірушілері арасында қанттың өзара қолайлы белгіленген бағасын белгілей отырып, перспективаға ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу жөнінде

Айта кету керек, қазақстандық кәсіпорындарға 2018 жылдың тамыз айынан бастап үшінші елдерден бажсыз қант әкелуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылданғанына қарамастан, негізгі қант көлемі ЕАЭО елдерінен әкелінеді. Бүгінде отандық кәсіпорындар ресейлік жеткізушілермен де жұмыс істеуді жалғастыруда. Бірқатар қазақстандық компанияларда РФ қант зауыттарымен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалды.

Статистикалық деректер бойынша 2017 жылы Қазақстанға 182,8 мың тонна қант импортталды, оның ішінде 121,8 мың тонна (66,6%) РФ.

АҚШ доллары сомасына 234,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде ЕАЭО елдерінің үлесіне 93% немесе 218 мың тонна (РФ – 60%, Беларусь – 33%) келеді.

Ішкі нарықты отандық өндірістің қантымен қамтамасыз ету және тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі республиканың солтүстік аймақтарындағы егіс алқаптарын кеңейтуге қолдау шараларын, қосымша өндірістік қуаттарды пайдалануға беруді көздейтін ұзақ мерзімді перспективаға арналған қант өндірісін дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Бұл ретте Республиканың ішкі нарығы отандық қант өндірісі есебінен 75-77% қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қазақстандық қанттың өнеркәсіптік тұтынушылары үшін өтпелі кезеңді ұсыну бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін объективті қажеттілік болып табылады.

Бұл жағдай Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында талқыланатын болады.

Бұл ретте, мақалада көрсетілген мәселелер бойынша "РБК" ресейлік ақпараттық порталынан Министрлік атына сұрау түспегенін атап өтеміз.