«ҚазАгро» ҰБХ» Директорлар кеңесінің құрамы бекітілді

«ҚазАгро» ҰБХ» Директорлар кеңесінің құрамы бекітілді

«РАКУРС»» экономикалық талдау орталығының директоры - Жандосов Ораз Әлиұлы, «КЕГОК» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Егімбаева Жанна Дачерқызы, «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры - Есенеев Ербол Еркенұлы, Еуразиялық Даму Банкі Басқармасының мүшесі - Қаржы жөніндегі басқарушы директор – Мұхамбетжанов Берік Көпжасарұлы «ҚазАгро» холдингі Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Осы бұйрықпен Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің, Әлихан Асханұлы Смайыловтың, Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің, Рүстем Жомартұлы Құрмановтың «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы "ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг"ЖШС кіреді.